Өркен балалар шығармашылығын дамыту орталығы тек шығармашылық қабілеттерді дамытатын орын ғана емес. Бұл – балалардың еңбекке баулып, табиғатпен етене жақын жұмыс істеуге үйретілетін ерекше орта. Мұндағы жасыл желекке толы аула, көрікті гүлзарлар мен жеміс ағаштары — ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек етіп келе жатқан бағбан Вадим Мамедовтың тынымсыз еңбегі.