Түркі елдерінің арасындағы сауда-саттықты арттыру тәртібін құжатпен бекіту керек. Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қасым Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс жасады. Жиында бірлесіп транзиттік мүмкіндікті арттыру, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері де айтылды.