Шу ауданында жас өнерпаздардың шығармашылығы мен қабілетін дамытуға бағытталған игі іс-шара өтті. Балалар мен жасөспірімдер орталығы биылғы оқу жылының қорытындысы ретінде «Өнерге қанат қаққандар» атты есеп беру концертін өткізді. Одан бөлек, орталық «Шексіз қиял» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырды.