Ән өнерінің жұлдызы Қайрат Байбосынов «Еңбек ері» атанды. Ұлт руханиятын ұлықтаған зиялы өнерпазға Мемлекет басшысы ең жоғары марапатты табыстады. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында бүгін бір топ азамат Президент қолынан сый-сияпат алды. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірнеше театрға академиялық мәртебе беру туралы ұсынысын айтты. Өнерге қолдау керек деп кәсіпкерлерге де үндеу жасады.