Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музей – өңір тарихы мен ұлттық мұраны дәріптейтін маңызды мәдени орын. 6600-ден астам тарихи жәдігер сақталған орында келушілер Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолымен, ауданның тарихымен, табиғи байлықтарымен және археологиялық деректерімен таныса алады.