Жамбыл облысында аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында ірі ауқымды әскери жиындар басталды. Қаратау қаласы мен Талас ауданынан арнайы шақырылған 85 әскери міндетті азамат келесі он күнде арнайы дайындықтан өтеді. Бұл – әскери дайындықты күшейтіп, азаматтық қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі.