Оңтүстік өңірлердің басшылары бүгін Тараз шаһарында бас қосты. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Әулиеатадан бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының аймақтарда орындалу барысы сөз болды.