Қазақтың тұңғыш детектив жанрын жазушы Кемел Тоқаевтың кезінде Таразда тілшілік қызметте болғанын білесіз бе? Қазақ әдебиетінің жаңа бір белесі – «Жалғызқара» романына арналған манифест форматындағы кеште осындай деректі дәлелдер сөз болды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым мен оқырмандар жиналды. Жақында тұсауы кесілген туындының авторы жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы.