Жамбыл облысында адалдық пен әділеттілікті насихаттауға бағытталған «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» байқауы өз мәресіне жетті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған байқауға бейнеролик, сурет және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша 200-ден астам мектеп оқушылар қатысқан.