Облыста жол-көлік оқиғалары жиілеген. Полицияның дерегінше жыл басынан бері 538 жол апаты орын алыпты. Ал, аталған оқыс жайттардан 46 адам қаза болған. Тәртіп сақшылары өңірлік коммуникациялар алаңында баяндама жасап, жүргізушілерді сақ болуға шақырды.