Жол қозғалысы қауіпсіздігін жетілдіру мәселелері қазір ерекше өзектілікке ие болуда. Әсіресе, еліміздегі қалалар мен ауылдарда көлік ағындары күрт өскен. Мамандармен қатар жас өнертапқыштар - бұл мәселені шешудің жолын тапқан сыңайлы.
Тараз мектептерінің бірінің 10 сынып оқушысы Інкәр Қабылбек өзінің идеясымен барлығын таң қалдырды. Ол қала көшелерінде жүргізушілер үшін ғана емес, жаяу жүргіншілер үшін де қауіпсіз әрі ыңғайлы ете алатын жол белгілерін орналастыру жүйесін ұсынды.