Бүгінде ауылда тұрып-ақ, ауласындағы жерді тиімді пайдалану арқылы өз нәпақаңды табуға болады. Ол үшін «Ауыл аманаты» жобасы жол ашады. Мәселен, Меркі ауданы, Ақтоған ауылының тұрғыны Ұлбосын Хантөрееваның еңбегі көпке үлгі. Ол үйінің маңындағы 25 сотық жерге жылыжай салып, қазір өз кәсібін дөңгелетуде.