Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірдегі инвестициялық жобаларға кадр дайындау мәселесі бойынша кеңес отырысы өтті. Онда биылғы жұмысшы мамандықтар жылы және ірі инвестициялық жоба аясында атқарылатын жұмыстар жайы қаралды.
Жиынға басқарма басшылары, компания жетекшілері мен кәсіпкерлер және шетелдік инвесторлар қатысты.