Айша Бибі полигонында көктемгі шақырылыммен әскерге алынған жас сарбаздар алғашқы әскери сынақтан өтті. Олар Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың құрамында бронетехниканың қатысуымен өтетін жауынгерлік дайындыққөа қатысты. Бұл жаттығу — армия өміріндегі ең жауапты әрі есте қаларлық кезеңдердің бірі саналады.