Мойынқұм ауданында мәдениет пен тіл саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген тәжірибелі басшылардың бірі – Мәлік Мұқашев. Ол бүгінде аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарады. Еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастаған азамат бүгінде туған өлкенің рухани дамуына үлкен серпін беріп отыр.