Жеңістің 80 жылдық мерейтойы мен Отан қорғаушылар күні сынды қос мерекені құрметпен атап өтетін жандар бар. Солардың қатарында генерал Әлімжан Ерниязовтың отбасын атап өтуге болады. Әкесі қан майданда жаумен шайқасса, өзі Ауғанстандағы соғысты бастан өткерген. Ол үшін батырлық пен жауынгерлік рухтың құны жоғары.