Қазақ – қырғыз сауда экономикалық ынтымақтастығы нығая түседі. Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров өзара тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі келіскен болатын. Соның аясында ауқымды жоспарлар жүзеге асуда.
Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер- министрі Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын бағамдады. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысқан Үкімет басшысы экономикаға серпіліс беруге сеп болар бастамаларға назар аударды.