1,5 миллиард теңгені қалтаға баспақ болған шенеуніктің алаяқтық әрекеті әшкереленді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері осыншама қаражатты субсидия түрінде алмақ болған. Алматы облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігі департаментімен тергеп жатқан іс бойынша мәслихаттың бұрынғы депутаты Әбішев Б.К. және бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген басқа да тұлғаларға қатысты жаңа фактілер анықталды.