Жамбылда жуырда кәмпит шығарыла бастайды. Мұндай тәуекелге бел буып, жаңа өнімдерін жұртшылыққа ұсынуды жоспарлап отырған «Сәуле» кондитерлік фабрикасы. Осыдан 8 жыл бұрын өз жұмысын бастаған компания бүгінде нарықта кондитерлік өнімдерімен танымал. Жамбыл облысының эскпортына елеулі үлес қосып отырған аталған бренд көбіне вафли тәттісін шығарады. Енді тапсырысқа тәттілер қосуға ниетті.