Биыл даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Осыған орай батыртың туған өлкесі Жамбыл облысында жыл басынан бері көптеген іс- шаралар легі жалғасуда. Сондай тағылымды жиынның бірі Таразда жеңістің 80 жылдығы қарсаңында көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың бойында тарихи сана мен ұлттық рухты қалыптастыруға, Бауыржандай тұлғалардың өмір жолын үлгі етуге ықпал етеді.