Бүгін Таразда «Senat Open» ІІ Ашық кубогының кезекті кезеңі өтті. Шахмат турниріне облыстың түкпір-түкпірінен жиналған ойыншылар бас қосты. Ақыл-ойды талап ететін сайысқа ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.