Биыл еліміз бойынша ауылдарды дамытуға 1 трлн теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат ауыл аймақтағы инфрақұрылым, әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуына сеп болмақ. Аймақтағы елді мекендерде аталған бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Мәселен, бір ғана Байзақ ауданында 3 елді мекен халқы ауыз сумен қамтылмақ.