Еліміз бойынша миллиардтаған қаражат қарастырылатын медицина саласында тегін медициналық көмектің көлемі ұлғайды. Онымен қоса, нысандар соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, шетелдің озық тәжірибелері енгізілуде. Скринингтік тексерулердің нәтижесінде түрлі аурулардың алдын алып, дер кезінде ем қабылдау мүмкіндіктеріне қол жеткізіліп отыр. Пациенттердің тегін дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «әлеуметтік әмиан» бағдарламасы енгізілді.