Президент 7 мемлекеттің елшісін Ақордада қабылдады. Резиденцияда Беларусь, Таиланд, Молдова, Мьянма, Кения, Албания және Италияның дипломаттарына сый-құрмет көрсетілді. Елшілер Мемлекет басшысына сенім грамоталарын табыстады.