Бүгін Таразда «Ұлттық ойындардың бала дамуына әсері» атты республикалық семинар жұмысын бастады. Қазақстанның барлық аймағынан келген мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары, балабақша қызметкерлері бас қосқан бұл бастама озық білім беру мекемелерінің бірі — «Нұршуақ» балабақшасының қабырғасында ұйымдастырылды.