Биылдан бастап аудан әкімдері мен облыстық мәндегі қала әкімдерін халық сайлай бастайды. Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайда мәлімдеді. Соған сәйкес, енді түрлі себепке байланысты босаған аудан әкімінің орнына үміткерді тұрғындар таңдайды. Аудан басшысы да 4 жыл мерзімге сайланады. Оны халық таңдаған соң, оның тұрғындар алдындағы жауапкершілігі жоғары болмақ.

Бұл мемлекеттік қызмет пен басқару ісіне жауапты әрі қабілетті азаматтарды тартудағы маңызды іс. Сондай-ақ халықтың саяси белсенділігін арттырып, жергілікті мәселелерді шешуге үлес қосуын қамтамасыз етеді.