Жамбыл ауданында «Өлкеңді таны, тұлғаңды құрметте!» атты аудандық кітап керуені байқауы басталды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйытқы болған іс-шара 23 сәуірге дейін жалғасады. Бір айға жуықтайтын керуеннің мақсаты - кітапхана қызметкерлерін ізденіс пен шығармашылыққа талпындыру, өлкетану қызметін жандандыру, мамандардың туған өлкенің тарихы мен рухани мұрасын сақтау мәселелері аясында тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.