«Анаға тағзым» орталығында ұлттық тағамдар фестивальі өтті. Оған «Береке» аспаздық студиясының курс қатысушылары қатысты. Ұлттық тағамдар шеруі – жай ғана әйел-аналардың аспаздық өнерін көрсету емес, қазақ халқының ұмыт болған ұлттық тағамдарына жасалған тағзым болды. Қатысушылар өз қолдарымен дайындаған көне тағам түрлерін ұсынып қана қоймай, оның шығу тарихын, маңызын, сол тағаммен байланысты салт-дәстүрлерді де кеңінен таныстырды.