Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – бұл тек білім беру ғана емес, болашаққа бағыт-бағдар көрсету. Сондықтан қазір мектепке дейінгі ұйымдарда балалар қабілетін қазақтың ұлттық құндылықтары арқылы дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр.

Мәселен,қазіргі таңда өңірдегі балабақшалар ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру үшін кешенді тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Бүлдіршіндерге қабылдау жеңіл болу үлшін музыкалық аспаптарды үйреніп, түрлі ойындармен қызықтыру да – құндылық бьастауы.