Студенттерге қаржылық қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Бүгін ҚМА өкілдері Тараздағы білім ордаларына барып, пайдалы кеңестермен бөлісті. Мамандар соңғы уақытта алаяқтардың көбейгенін мысал келтіре отырып, айлакерлердің құрығына түспеу үшін нені білу қажеттігін үйретті.