Былтыр еліміздің инновациялық индустрия саласына елеулі қадам жасалды - шамамен 10 креативті орталық пен хаб ашылды. Аталмыш нысандар IT саласына қызығушылығы бар жастардың басын біріктіріп, заманауи құрал-жабдықтармен, лабораториялармен, коворкинг кеңістігімен қамтамасыз етеді.