Шатырға да шебер керек. Иә, әрбір адамға баспана қажет. Ал, үйдің шатырын жабуға – қолы епті ұста керек. Осындай елге керек тірлікті елеусіз ғана атқарып жүрген жанның бірі – Нұржас Кендербаев. Ол он жылдан астам уақыттан бері жүздеген ғимараттың шатырын жауып, өз ісінің хас шеберіне айналған.