Әскерде болған жастар үшін баспана алу бойынша ипотекалық бағдарлама қажет. Мәжіліс депутаты Болат Керімбек осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, әскерде болып келгеннен кейін 1 немесе бір жарым жыл тұрақты жұмыс істеген жастарға да ипотекалық арнайы бағдарлама ұсынылуы тиіс. Қазір еліміздің 20 өңірінде жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы «Өңірлік Жастар бағдарламасы» бар. Бұл тетік жергілікті әкімдіктердің бақылауныдағы іс. Сондықтан, үй алушылардың санатына әскерде болған жастарды да қосуды ұсынамын,- дейді депутат.