Жамбыл облысында өткен жылы 370,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, 149,7 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылды, 700 жұмыс орны құрылған. Әйтсе де бұл көрсеткіш жеткіліксіз. Президент тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендетпеу керектігін атады. Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін тыңғылықты тірліктің тиісті тетігі қолға алынатын болады.