Жаңабек Бөлдешов 20 жылдан аса теміржол саласында еңбек етіп келеді. Мойынқұм ауданындағы теміржол стансасында электромеханик болып жұмыс істейтін маман «Күннің суығы мен ыстығына, жұмысының қауіптілігіне қарамастан, мен өз кәсібімді жақсы көремін» дейді.