Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Соның бір айғағы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін қаржы көлемінің ұлғаюы. Мәселен, өткен жылы аграрлы салаға 580 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл бағытқа 1,4 триллион теңге үлестірілмек.