2027 жылы Таразда кәріз суларын тазартатын кешен пайдалануға беріледі. Қазір осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қаланың кәріз жүйесіне қосылмаған аумақтарын осы кешенге қосу мақсатында алдын ала зерделеу зерттеу іс-шаралары қолға алынды. Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындармен кездесуінде айтылды.
Жиында биылғы жылы өңірде және облыс орталығында атқарылған жұмыстар айтылып, халықтың өтініш-тілектері тыңдалды. Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.