Жуалыда сүт өндірісі дамып келеді. Ауылдағы шаруалар шағын цех ашып, таза, әрі табиғи өнімді елдегі ірі мегаполистерге жөнелтіп отыр. Солардың бір Мұратбек Нысанов. Ол бастапқыда тұрғындардан тек сүт жинап, аудандағы кәсіп орындарға өткізетін болған. Ал, қазір жеке цех ашып, кәсібін өрге дөңгелетуде.