Биыл қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз қару-жарақ,оқ-дәрі және арнайы құралмен өтпекші болған 15 азамат ұсталған. Бұл жағдай Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде орын алған. Ұсталған азаматтардың заттары тәркіленіп,құзырлы органдарға табысталыпты.