Жамбыл облысы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, тұрғындарға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды эвакуациялау шараларын меңгеру мақсатында түрлі мекемелерде тұрақты түрде сейсможаттығулар өткізіп келеді. Бұл жолы осы бағыттағы жаттығуды № 1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізді.