Өңірде Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Бүгін Таразда «Ән мен жыр – халық қазынасы» атты облыстық дәстүрлі өнер байқауы өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген 26 қатысушы жыр мен термеден шашу шашып, бақ сынауда.