Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында облыстық полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың 11 айдағы салада атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бас полицейдің айтуынша, өңірде барлық санаттар бойынша қылмыстар саны төмендеген. Былтырмен салыстырғанда қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарған. Әсіресе, бөтеннің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы, алаяқтық сынды қылмыстар көбірек ашылыпты.