«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5-ші механикаландырылған бригаданың атқыштары арасында жарыс өтті. Сұрмергендер сайысына Мерке және Луговой мотоатқыштар батальондарының, сондай-ақ Тараз қаласында орналасқан шабуылдаушы батальонының мерзімді әскери қызметшілері қатысты.