Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалар аясында Таразда шағын аудандар салынуда. Өңірде әлеуметтік осал санаттағы көпбалалы отбасылар мен азаматтар үшін 23,2 млрд теңгеге 1 575 пәтер сатып алынған. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген пәтерлердің саны екі есеге көп. Дәл осы бағыттағы жұмыстар әліде жалғасын табады.