Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында 14,6 млрд. теңгені құрайтын 16 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін аймақта 12 жоба іске қосылып, 163 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, «Алель-Агро» АҚ-ның өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдегі 5 шаруа қожалығына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақсары майы өндірісінің өрісі кеңейді. Сонымен қатар, балық шаруашылығы кластері құрылып, өңірде алғаш рет алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды. Ал, жыл соңына дейін тағы төрт агро жоба іске қосылады деп күтілуде.