Жыл сайын жылыту маусымында облыс аумағында тұрғындардың зардап шегуі немесе қаза болуы фактілері жиі орын алады. Жылыту барысында қауіпсіздік ережелерін ескермей, улы газбен уланғандардың көбі ауыл тұрғындары екен.

Осыған орай, төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымының басталуына байланысты тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, газ қондырғыларын дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.