Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы - берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі. Мемлекет басшысы Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланған мақаласында осылай деді. Онда ортақ мүдде мен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген стратегиялық серіктестік нәтижесінде тарихи және мәдени байланыстар дамып, мемлекеттердің сауда-экономика саласындағы ықпалдастығы тұрақты түрде дамып келетіндігі айтылған.