Жаңа жылдан бастап жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушілерге жаңа нормалар енгізіледі. Нақтырақ айтқанда адам тасымалдаумен айналысатындар тәртіпке бағынбаса, айыппұлды еселеп арқалайды. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев жамбылдықтармен кездесуде айтты.

Ведомство басшысы мұндай қадамға үлкен жолдарда болатын көлік апаттарын азайту мақсатында барғандарын жеткізді. Кездесуде сондай-ақ, былтыр берілген уәделердің орындалу барысы мен бірқатар мәселелер талқыланды.