«Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы миллион теңгеден асатын проблемалық несиеден құтылғандар бар. «АМANAT» партиясының 2023 жылы қолға алған бұл бағдарламасымен 2 жылда 20 мыңға жуық облыс тұрғыны қаржылай сауаттылығын арттырған. Олардың арасында сарапшылардың сүйемелдеуімен кәсіп бастағандардың үлесі 30 пайыздан асады. Тек ол емес несиені дұрыс рәсімдеу мен қаржыны дұрыс игеруде қолға алғандардың саны артқан.