Облыс бойынша қазір қызылша қазудың қызған шағы. Биыл 11мың 200 гектар жерге тәтті түбір егілсе, қазір оның 5 мың 500 гектары жиналды. Өнімді қабылдап үлгере алмай жатқан Меркі қант зауытының маңынан облыс әкімі өзі араласуымен қосымша қабылдау пункті де ашылды.

Балтамырды баптап, өнім алуда рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп жатқан Шу ауданының шаруалары қазірге дейін қызылша алқабының 70 пайызын жинап үлгеріпті.